«Тілді танымдық тұрғыдан жағдаяттық негізде оқыту» атты республикалық онлайн-семинар өтті

2020 жылғы 15 қазанда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен «Тілді танымдық тұрғыдан жағдаяттық негізде оқыту» атты республикалық онлайн-семинар өтті.

«Тіл-Қазына» ҰҒП орталығы әдістемелік бөлімінің басшысы С.Омарова жалпы республика бойынша онлайн форматта әдістемелік семинарлардың қарқынды жүргізіліп жатқаны туралы толық мәлімет берді.

«Ситуативный казахский» кітабының авторы Қ.Тасыбеков тілді меңгерудегі өз тәжірибесімен бөлісті.

Қарағандылық әріптестермен қатар, Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Г.Крикпенова да шеберлік сабақ үлгісін көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар соңында қатысушыларға сертификат табысталды.