«Тілді игерудегі нәтижелі атқарылған жұмыстар» тақырыбындағы алқа отырысы.

2023 жылдың 17 ақпанында Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Тілді игерудегі нәтижелі атқарылған жұмыстар» тақырыбында кеңейтілген алқа отырысының секциялық жұмысы өтті. Отырысты мәдениет басқармасы тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы Ж.Б.Науразбаев жүргізді.
Секция отырысы барасында  «Өрлеу»  біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының кафедра меңгерушісі Ғ.С.Жусупова,  Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің  қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Е.Саулебаева,   Жітіқара қаласы тілдерді оқыту орталығы басшысының м.а. Т.Ж.Медетбаева тілді үйретудегі нәтижелі жұмыстары туралы баяндамалар тыңдалды.
Секция барысында былтырғы жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланып, өзекті мәселелері мен міндеттері талқыланды. Алдағы уақытта қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарына оқу-әдістемелік жұмыстарды жандандыру үшін жаңа форматта әр түрлі іс-шара өткізу, оқу үдерісін жаңашылдандыру, сондай-ақ, бір қатар тапсырмалар беріліп, ұсыныстар айтылды.