2020 жылғы 3 ақпаннан бастап «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы базасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған тіл курстары өз жұмысын бастады.
Орталықта мемлекеттік тілмен қатар ағылшын тілі, этномәдени бірлестік өкілдерінің (армян, түрік, башқұрт, татар, поляк, неміс) тілдері бойынша оқыту курстары ұйымдастырылған.