«Тілдерді оқытуды ұйымдастыру – бүгінгі күннің сұранысы» республикалық онлайн семинар

2021 жылғы 29 қыркүйекте Ш.Шаяхметов атындағы “Тіл-Қазына” ҰҒПО-ның ұйымдастыруымен өткен республикалық онлайн семинарда “Тілдерді оқытуды ұйымдастыру – бүгінгі күннің сұранысы” тақырыбында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова, басшының орынбасары Г.М.Талапова, әдіскер А.Ж.Нұрбекова баяндама жасап, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығының әдіскері А.Т.Идрисова және Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығының басшысы Б.Ғ.Нәби тілді оқытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдерін көпшілікке таныстырды.