Тікелей эфирде кезекті онлайн дәріс өтті

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының «ТІЛДАРЫН ҚОСТАНАЙ» Facebook әлеуметтік парақшасында өткізілген тікелей эфирде Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы К.Бимағанбетов онлайн дәріс оқыды.

Онлайн дәріске 30-ға тарта оқырман қатысып, өз сауалдары мен тілектерін комментарий бөлігіне жолдап отырды.