“СөйлеTime” клубы

2023 жылдың 15 маусымында облыстық “Тілдарын” тілдерді оқыту орталығында “СөйлеTime” клубының кезекті сабағы өтті. Сабақтың тақырыбы”Астана-елімнің жүрегі”, тыңдаушылар бейнероликті көріп, сабақтың тақырыбын анықтады. Сабақ барысында сөздік қорын толықтыра отырып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін фишка алынды, осылайша олар өздеріне ұпай жинады. Сабақ соңында тыңдаушылар өз ойларын жазбаша баяндап, кері байланыс жасады. Топтағы жұмыстағы позитивтілігі, белсенділігі, жауаптылығы үшін бір-біріне шын жүректен алғысын білдіріп,сабақты қорытындылады, үздіктердің үздіктері ынталандыру сыйлығына ие болды. Сабақтың соңында үздік тыңдаушыларға І.Омаров атындағы қазақ драма театрына қойылымға билеттер табыстады.