2023 жылдың 08 маусымы күні Л.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының “СөйлеTime” клубы қатысушыларымен «Рәміздерім- мақтанышым» тақырыбында танымдық сабақ өтті.
Сабақ барысында тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беріп, «LearningApps.org», «Синквейн» әдістерімен тапсырмалар орындап, сөзжұмбақ шешті. Содан соң бейнероликті тамашалап, рәміздер мен патриотизм туралы қызу талқылады. Сабақ «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әнмен аяқталды. Кездесу танымды әрі қызықты өтті.