«СөйлеTime» клубы

2023 жылдың 18 мамырында «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының «СөйлеTime» клубы қатысушыларының кезекті отырысы өтті. «Астықты өлке-Қостанай» тақырыбындағы танымдық сабақта оқытушы «ZipGrade», «Полиглот» сияқты жаңа заманауи әдіс-тәсілдерді қолданды. «Флешка» әдісі арқылы «СөйлеTime» қонақтарын жақсы көңіл-күймен қарсы алды. Кездесу қонақтармен бірге «Ақ бидай» әнін шырқап және тик-ток желісіне бейне ролик түсірумен аяқталды.