2023 жылдың 11 мамырында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының «СөйлеTime» клубы қатысушыларының кезекті кездесуі Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында өтті. Кездесу «Смайликтер сөйлейді» тренингімен басталды. Мұражай қызметкері Досмағамбетова Шынар Сұлтанқызы клуб қатысушыларына мұражайды таныстыру мақсатында саяхат жасады. Клуб қатысушылары алған мәліметтер бойынша «Тarsiamaker» әдісі арқылы сұрақтарға жауап берді. Кездесу соңында «Quizizz.com» қосымшасымен тапсырмалар орындады.