“СөйлеTime” клубы ашылды

2021 жылы 14 мамырда Қарабалық ауданында “СөйлеTime” клубы ашылды.

Аталған іс-шараға Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Е. Мендекинова, “Тілдарын” орталығы, Рудный, Лисаков, Меңдіқара, Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары, Қарабалық ауданы әкімдігінің лауазымды өкілдері қатысты.

Клубқа алғаш болып тіркелген тыңдаушылармен Қарабалық аудандық тілдерді оқыту орталығының әдіскері танымдық сабақ жүргізді.