“СөйлеTime” клубының кезекті кездесуі

2023 жылы 13 сәуірде “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығында “СөйлеTime” клубына қатысушылардың кезекті кездесуі “Ән – көңілдің ажары” тақырыбында өтті. “Әріптер сөйлейді” кезеңінде таңдаған әріптерге сөздер жазып жарысса, “Суреттер ән айтады” кезеңінде берілген суреттер бойынша караокемен әндер айтты.