ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің латыннегізді қазақ тілі әліпбиін жетілдіруге қатысты тапсырмасына сәйкес өңірлерде жоғары және арнаулы оқу орындарының филолог ғалымдары мен оқытушыларының арасында 2020 жылдың 14 ақпанында республикалық ашық талқылау өткізуді жоспарлауда.
Аталған іс-шараны өз деңгейінде өткізу үшін ағымдағы жылдың 11 ақпанында алдын ала ұйымдастыру жұмыстарына қатысты онлайн семинар өтті.
Онлайн семинарға Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова және орталық мамандары қатысты.