Республикалық семинар

2023 жылдың 28-29 қыркүйегінде Жетісу облысының әкімдігі, Жетісу облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы “Тіл” оқу – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ” Ахмет Байтұрсынұлының тілді оқыту әдістемесіне қосқан үлесі” атты республикалық семинары өтті. Семинарға “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т. Айтмағамбетова және оқытушы С.Нұржанова қатысты. Іс-шара барысында әр өңірден келген мамандар орталықта шығарған өз әдістемелік жұмыстарымен таныстырып, пікірлерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасты. Семинардың қорытынды бөлігінде тіл жанашырлары марапатталды.