2023 жылдың 26 мамырында “Стандарт” ЛК ЖШС мен Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен “Оқытудың мазмұны: тілдік дағдылар және инновациялық стратегиялар” тақырбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты: екінші тілді оқытуда оқытушылардың оқу және оқыту үдерісіндегі кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру; тілдік дағдылардың ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; стратегиялардың білім сапасын арттырудағы маңыздылығын анықтау.
Семинарға өңірдегі аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушылары, тіл мамандары қатысып, өз біліктіліктерін көтерді.
Аталған семинардың спикері филология магистрі Сисанова Гүлназ Құдайбергенқызы практикалық тренинг өткізді.