«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту
орталығы» КММ басшысының м.а. 2017
жылдың 25 қыркүйегіндегі
№ 06-2/50-Ө бұйрығымен
бекітілген
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
Жалпы ережелер
- Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 10 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға және «Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартына сәйкес әзірленген.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» комуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Орталық).
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қоғамдық қатынастардың жеке саласына арналған ұсынымдар жүйесін орнатуға бағытталған. Қоғамдық қатынастардың жеке саласының атауы: мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді оқыту орталығы.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеу міндеттері:
- орталықта жұмыс істейтін адамдардың нақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытылы анықтау және олардың жағымсыз салдарының алдын алу болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың қағидаттары:
- заңдылық;
- ашықтық;
- әдептілік;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
- мүдделер қақтығысын болдырмау болып табылады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы осы стандарт Орталық қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және оның қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті арттыру мақсатында әзірленді.
Орталықта жұмыс істейтін адамдардың мінез-құлық (іс-әрекет) ережелері:
- Орталықтың қызметкерлері жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:
- Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдары мен өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес заңдылық принципін басшылыққа алады;
- Қазақстан халқының бірлігі мен еліміздің ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал ету, мемлекетік және басқа де тілдерді, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерін құрметтейді;
- жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әділ, қарапайым болады, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтайды, сыпайылық және биязылық танытады;
- өз әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сыналуға, сынның артына түспеуге жол бермейді, өз әрекетінің кемшіліктерін жою және жақсарту үшін конструктивті сынды қолданады;
- лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпейді және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпейді;
- шындыққа сәйкес емес мәліметтерді таратпайды;
- заң бойынша тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделген қылықтар мен өзге де заң бұзушылықтар жасауға жол бермейді;
- атқару үшін алынған өкімдердің, бұйрықтардың заңдылығына күманданған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша түрде хабарлайды;
- сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылыққа итермелеу кезінде басшылыққа жеткізеді;
- еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтайды;
- берілген өкілеттіктерін тиімді пайдаланады;
- басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объктівті және тексерілген ақпараттар ұсынады.
- Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуға байланысты мемлекеттік сатып алуды іске асыру кезінде мыналар ұсынылады:
- мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау;
- Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге тең мүмкіндіктер ұсыну;
- мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;
- сыбайлас жемқорлық белгілеріне жол бермеу;
- атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және Бірыңғай борышкерлер тізіліміне қосылған әлеуетті жеткізуші және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) ретінде қатысушыға жол бермеу.
- Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде, басшы:
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қабылданған шешімнің айқындылығын қамтамасыз етеді;
- жеке басының мәселесін шешу барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, мемлекеттік қызмет және басқа адамдардың әрекеттеріне ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбайды;
- жұмыс функцияларын атқарумен үйлеспейтін қызметтер және қәсіпкерлік қызмет атқармайды;
- лауазымдық құзіреттілігін және оған қатысты мүмкіншіліктерді өзіне мүліктік және мүліктік емес пайда табу үшін қолданбайды;
- жеке және заңды тұлғалардан лауазымдық қызметін атқарғаны үшін сыйақы алмайды (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызметкөрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйлықтар);
- басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлық жасамайды;
- қызметтік міндеттерін абыроймен, алалықсыз және сапалы атқарады;
- бағынышты лауазымды тұлғалардың міндеттері мен қызметтік өкілеттігінің көлемін нақты және анық белгілейді;
- бағыныштағы лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесін біркелкі бөлмеуге жол бермейді;
- олардың әрекеттерінің нәтижелерін бағалау барысында, сондай-ақ мадақтау және жаза қолдану кезінде шындық және әділдік танытады;
- бағынышты қызметкерді орынсыз айыптауға, дөрекілік факторларына, адамның ар-намысына тиюіне, жөнсіздікке, дөрекі мінез-құлыққа жол бермейді;
- олардың лауазымдық міндеттерінен тыс немесе орындалмайтын, сондай-ақ заңға қайшы тапсырма бермейді;
- қызметтен тыс сипаттағы мәселелерді шешу барысында бағыныштылардың әрекеттеріне әсер ету үшін қызмет бабын пайдаланбайды;
- бағыныштыларды сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемейді;
- мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді, автокөлік құралдарын қоса алғанда, мүлікті қызметтік мақсатта ұтымды, тиімді пайдаланады.
- орталықта еңбек заңнамасының орындалуын, еңбек тәртібі мен шарттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
- мүдделер қақтығысына жол бермейді, ал ол туындаған кезде заңнамаға сәйкес жою бойынша шара қолданады;
- қызметте болуға байланысты шектеулерді қабылдайды;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрады, сыбайлас жемқорлық сипатындағы заң бұзушылықты ашуға белсенділік танытады.
- Тіршілік әрекеті саласы ерекшелігіне байланысты өзге қарым-қатынастар кезінде:
- іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтайды;
- басқа қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзышылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолданады;
- ұжымда, әріптестердің ар намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан бас тартады.