Онлайн форматта өзара тәжірибе алмасу алаңы өткізілді

2020 жылғы 20 мамырда Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы басшысының тапсырмасына сәйкес қашықтан оқытуды жетілдірудің желілік кестесі бойынша қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушыларымен өзара тәжірибе алмасу алаңы онлайн форматта өткізілді.

Тілдарын орталығының әдіскері А.Нұрбекова, оқытушы Г.Крикпенова, бағдарламашы А.Халық қашықтан оқытуға байланысты өз тәжірибелерімен бөлісті.