2019 жылғы 6 желтоқсанда Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы» тақырыбында онлайн семинар өтті.
Онлайн семинар барысында тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Б.З.Сүлейменова облыс бойынша мемлекеттік бағдарламаның орындалу көрсеткішіне кеңінен тоқталды.
«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова орталықтың 2019 жылы атқарған жұмысы туралы баяндама жасады.
Лисаков қалалық тілдерді оқыту орталығының директоры Г.Х.Мухамадиева оқытудың цифрлық технологиялары туралы баяндама оқыды.
Жалпы семинарға 100 адам онлайн қатысып отырды.