Мұғалімдер семинары

2023 жылы 16 маусымында “Халықаралық” Қазақ тілі” қоғамы” қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен, Б.Майлин атындағы 7 мектеп-гимназиясында “Мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдері” атты семинар өтті. Семинар орыс тілінде оқытылатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған. Семинардың мақсаттары мен міндеттері: қазақ тілін оқытудағы тілдік дағдылар мен инновациялық стратегиялардың тиімділігі; оқыту үдерісінде мәтінмен жұмыс арқылы тілдік дағдыларды қалыптастыру; Аталған семинарға Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы” КММ әдіскері Г.Крикпенова қатысып “Мәтін мазмұнын меңгертудегі тиімді әдіс-тәсілдері” тақырыбында сабақ көрсетіп,тәжірибе алмасты.