«Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында онлайн-дәріс

2021жылғы 3 қыркүйек күні Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкерлерімен Қазақстан халқының тілдер күніне арналған онлайн кездесу болды. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты онлайн – дәріс оқылды.

Аталған онлайн -дәрісті «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының қазақ тілі оқытушысы Нурмагамбетова Ақтоты Баядиловна жүргізді. Дәрістің басында конституцияның мемлекеттік тіл туралы бабының тармақтары айтылды. Содан кейін латын әліпбиіне көшу туралы қысқаша ақпарат берілді. Дәрісті сұрақ-жауап түрінде тілге қатысты мақал-мәтелдермен аяқтады.