🔹 2025 жылғы 27 маусымда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Жастар сарайында» мемлекеттік қызметшілер арасында облыстық байқау өтті.
🔹 Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны қызмет барысында қолдануға ынталандыру.
🔹 Байқауға облыстың қалалары мен аудандарынан 13 команда, барлығы 39 мемлекеттік қызметші қатысты.
🔹 Қатысушылар 4 кезең бойынша сынға түсті:
1️⃣ «Тұсаукесер» – команда таныстыру
2️⃣ «Жер-судың аты – тарихтың хаты» – капитандар сайысы
3️⃣ «Заңдарды білесіз бе?» – топтық білім сайысы
4️⃣ Шығармашылық кезең – өлең оқу, ән айту немесе сахналық қойылым
🔹Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Сарыкөл ауданының «Сұңқар» командасы
🥈 ІІ орын – Ұзынкөл ауданының «Жалын» командасы
🥉 ІІІ орын – Қарасу ауданының «Атамекен» командасы иеленді.
🔹 Жүлдегерлер Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының дипломдары және алғысхаттарымен марапатталды.
🔹 Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге атсалысқан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!









