2024 жылдың 11 наурызында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы К.Ә.Бимағамбетовтың қатысуымен «Мемлекеттік тілді деңгейлеп оқытудың тиімділігі» тақырыбында облыстық алқа отырысының секциялық жұмысы өтті.
Отырыстың бірінші кезеңінде орталық басшысы Т.Ә. Айтмағамбетова өңірімізде мемлекеттік тілді қолдану аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Сонымен қатар орталық оқытушысы Б.Т.Ахметжанова қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарына көрсетілген оқу – әдістемелік құжаттарды біріздендіруге байланысты жұмыстарын баяндады.
Екінші кезеңінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының кафедра меңгерушісі Ғ.С.Жусупова, дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының мұғалімі Е.Ж. Есеркепов, Қостанай ауданы, Рудный, Жітіқара қаласының орталық оқытушылары сабақ барысында жаңа технология арқылы қолданылатын әдіс-тәсілдерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Секция барысында өзекті мәселелер мен міндеттер талқыланып, алдағы уақытта қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарына оқу үдерісін жаңашаландыруға тапсырмалар беріліп, ұсыныстар айтылды.
Отырыс соңында өз шеберліктерін ортаға салған оқытушылар алғыс хаттармен марапатталды.








