МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫН КЕҢЕЙТУГЕ ҚАТЫСТЫ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЛАНДЫ

Бүгін «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Т.Айтмағамбетова Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы ТжӘҚЖ басқармасы бастығының (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі) аға офицері капитан М. Жексенай және Қостанай қаласындағы Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлімі ТжӘҚЖ бөлімшесі бастығының (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі)  аға көмекшісі майор Ж. Ибрагимовамен кездесті.

2024 жылдан бастап мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және жұмысымызды одан әрі жандандыру мақсатында өзара ынтымақтастық шеңберінде меморандумға отыру жоспарланды.

Қарағанды қаласындағы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығы ТжӘҚЖ басқармасы бастығының (мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі) аға офицері капитан М. Жексенай орталық басшысы Т.Айтмағанбетоваға ынытымақтастықта бірлесіп жұмыс істегені үшін  алғысын айтып, оқытушы Б.Ахметжановаға  «Тілге құрмет-елге құрмет» акциясының қорытындысы бойынша мадақтама табыстады.