«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту базасында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-мен өзара әріптестік ынтымақтастық аясында 7М02301-Қазақ филологиясы мамандығы магистранттарының ғылыми тағылымдамасы ұйымдастырылды.
Zoom платформасында өткізілген онлайн отырыста орталық әдіскері, гуманитарлық ғылымдар магистрі А. Нұрбекова магистранттарды ғылыми тағылымдамадан өту жоспарымен таныстырып, ғылыми жұмысты орындау стандарттары туралы кеңес берді.