«Жекеменшік тілдерді оқыту орталықтары өкілдеріне арналған латын негізді әліпбиімен таныстыру» атты дөңгелек үстел өтті

2020 жылғы 27 қарашада «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Жекеменшік тілдерді оқыту орталықтары өкілдеріне арналған латын негізді әліпбиімен таныстыру»  атты дөңгелек үстел оnline форматта өтті.

Дөңгелек үстелге орталық  басшысы Ж. Ербатырова, Қостанай облысы бойынша жекеменшік тілдерді оқыту орталықтырының директорлары мен мамандары қатысты.

Орталық  оқытушысы Ж. Жарасбаева «Латынға көшу заман талабы» атты баяндаманы оқыды, ағылшын тілі оқытушысы Б. Дощанова дөңгелек үстел қатысушыларына  ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары туралы сөз қозғады.

Іс-шара қатысушылары қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуі бойынша пікірлерін білдірді.