2019-жылғы 3-мамырда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында «Жаңа емлені оқыту әдістемесі» атты 72-сағаттық республикалық курсынан өткен сертификатты тренер Г.Талапова Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қызметшілеріне «Жаңа емленің ережелерімен таныстыру» сабағын өткізді.
Сабақ екі бөлімнен тұрды: теориялық (түсіндіру) бөлім және практикалық тапсырмаларды орындау. Сабақтың теориялық бөлімінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы түсіндірілді. Жаңа емленің ерекшелігі мен құрылымы туралы толық баяндалды.
Қатысушылар сабақтың теориялық бөлімінде алған білімдерін практикалық тапсырмаларды интерактивті тақтада орындау арқылы бекітті. Іс-шараға қатысушылар белсенділік танытып, өзара кері байланыс орнап, өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын да айтты.