22 қарашада Арқалық қаласында «Жаңа әліпбиге – жарқын жол: үйрену мен үйрету жолдары» атты облыстық семинар болып өтті.
Семинар жұмысына Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Е.Мендекинова, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Т.Г.Аубакиров, өңірдегі барлық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен мамандары қатысты.
Семинар теориялық және практикалық екі бөлімнен тұрды. «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова «Латыннегізді жаңа әліпбиге көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам» атты тақырыпта баяндама жасады. Семинардың екінші практикалық бөлімінде Амангелді аудандық және Арқалық қалалық тілдерді оқыту орталықтарының білікті мамандары сабақ элементтерін көрсетті.