Мерекелік іс – шара

2023 жылдың 17 қазанында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен 25 – қазан Республика күніне орай тыңдаушылар арасында қонкурстық сайыс өтті.
Аталған іс – шараның бірінші бөлімінде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Т.Ә. Айтмағамбетова егемен еліміздің тарихына тоқталып өтсе, орталық оқытушысы С.Т. Нұржанова елімізге деген мақтаныштарын, сүйіспеншіліктерін суреттеп жеткізу мақсатында қатысушыларға «Сурет салу» тренингін өткізді. Екінші бөлімінде тыңдаушылар топ бойынша «Менің Қазақстаным», «Қазақстан тарихи білгірлері», «Қазақстанның атақты тұлғалары» тақырыбында өз білімдерін көрсетіп, «Атамекен» ән – шашуын айтып, өзара сайысқа түсті. Мерекелік іс – шара соңында әділ қазылар алқасы сайыс қатысушыларының көрсеткен білімдерін бағалап, аталған номинациялар бойынша дипломмен марапаттады.