«Ел мүддесі» бағдарламасына қатысу

Ағымдағы жылдың 6 ақпанында облыстық «Қазақстан-Қостанай» телеарнасында латын әліпбиіндегі жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру тақырыбына арналған «Ел мүддесі» бағдарламасының түсірілімі өтті.

Түсірілімге Тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері А.Нұрбекова, оқытушы А.Миркемелова, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің филология департаментінің басшысы Қ.Нұрмұхамедова, оқытушылары Т.Сейсенбай, М.Жұмашев, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушысы Қ.Иргизбаева, Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілі Г.Жүсіпова қатысты.

Бағдарлама қатысушылары латын қарпіндегі қазақ әліпбиін жетілдіру бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Латын графикасына көшу кезең-кезеңімен 2025 жылға дейін жүзеге асырылады. «Ел мүддесі» бағдарламасы эфирге 16 ақпанда шығады.