2019 жылдың 29 сәуірінде «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Миркемелова 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай мемлекеттік тілді үйреніп жүрген ҚР ІІМ Қостанай облысының МҚҚБ қызметкерлерімен «Елін сүйген ер болар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты – тыңдаушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ұштау.
Сабақ сайыс түрінде өткендіктен, тыңдаушылар сабаққа белсене қатысты. Сайыс «Күш білімде», «Постерге салу», «Әріп теру», «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталатын кезеңдерден тұрды. Кезеңдерді еңсеру барысында тыңдаушылардың білімі, жаңа әліпбиді меңгеру деңгейі сынға түсті. Сондай-ақ олар Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер мен елімізді қорғаған батырлар туралы жақсы білетіндіктерін көрсетті.
Сабақ Қазақстан азаматтарының патриоттық рухын көтеретін «Көк тудың желбірегені» әнімен аяқталды.