Екі жұлдыз ән байқауының бірінші кезеңі

2024 жылдың 28 ақпанында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында тыңдаушылар арасында ұйымдастырылған «Достық әнін шырқайық» атты екі жұлдыз байқауының бірінші кезеңі өтті. Байқау мақсаты Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында Қазақстанның өткені мен бүгінін салыстыра отырып, өз елінің даму тарихы туралы түсініктерді және толеранттылық этносаралық қатынастарды қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Байқауға «Береке банк» АҚ, «Жемчужина стомед» медициналық орталығы және Ы.Алтынсарин атындағы кітапхана қызметкерлері, 6697 әскери бөлім мамандары, башқұрт тілінің және өз өтінімі бойынша мемлекеттік тілді үйреніп жүрген тыңдаушылардан құралған 9 жұп қатысып, бақ сынасты. Әр жұп қойылған талаптарға сай, ережеге сәйкес сапалы, табиғи дауыста таңдап алған әндерін сахна төрінде орындап, көрермен көңілінен шықты.
Бірінші кезең соңында әділқазылар алқасы бағалау критерийіне байланысты өз пікірлерін, ұсыныстарын айтып, үміткерлерге келесі кезеңге жолдама берді.
Байқау қатысушыларына екінші кезеңде сәттілік тілейміз!