2021 жылдың 7 қазанында Түркістан облысы Арыс қаласының тілдерді оқыту және дамыту орталығының оқытушысы Бахтыбекова Айтолқын Садуақасқызы “ДАЛАНЫҢ ДАРА ҰСТАЗЫ” танымдық сабағын өткізді.
Танымдық сабаққа республиканың әр өңірінен 48 әдіскер-оқытушы қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
Түркістандық әріптесіміз Айтолқын Садуақасқызына алғыс білдіреміз! Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірі және шығармашылығы туралы мәліметтерді өте шеберлікпен ұсына білді.
Аталған іс-шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскерлері мен оқытушылары да қатысты.