Бүгін 4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қостанай қаласының Сити орталығында «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышым» атты акция өткізді.

Қала тұрғындарына, өскелең ұрпақтарымызға мемлекеттік рәміздерімізді білу, құрметтеу, рухтық сезімдерін ояту мақсатында Отан, туған жер тақырыбында сөзжұмбақтар, мақал-мәтелдерді айту, сұрақтарға жауап беру жұмыстары кеңінен жүргізілді.
Ой ұшқырының шапшаңдығын, тереңдігін көрсете отырып, жақсы белсенділік танытқан қатысушыларға әр түрлі сыйлықтар берілді.