Бос орындар жәрмеңкесі өтті

2022 жылғы 17 наурызда Челябі мемлекеттік университетінің Қостанай филиалында “Филология” мамандығын бітіруші курс студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Аталған іс-шараға “Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Г.М.Талапова қатысып, болашақ түлектерге орталықтың негізгі жұмысы жайында ақпарат беріп, олардың өз мамандықтары бойынша жұмысқа тұруы үшін кеңес  берді.