Байқау жеңімпазы марапатталды

Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Мендекинова «Тілдарын» орталығының тыңдаушысы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауында жүлделі екінші орынға ие болған Кира Гартманды қабылдап алғыс хат табыстады.

– Жерлестеріміз маңызды конкурстарда облыстың атын шығарғанына өте қуаныштымыз. Мемлекеттік органдардың ортақ күш-жігерінің арқасында Кира үлкен жетістіктерге жетті. Өйткені ол облыстық «Тілдарын» орталығында тілді тереңдетіп оқыту бойынша білім алды, латын әліпбиін үйренді. Дәл осы жерде оқып жүріп, ол конкурсқа қатысуға өтінім берді. Облыс полиция департаментінің басшылығының жұмыс ерекшелігіне қарамастан, әрқашан бірлескен жобаларды қолдайтыны қуантады, – дейді Гүлжан Мендекинова.