2023 жылдың 5 қыркүйегінде Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдері күніне орай, А.Байтұрсынұлы атындағы «Үздік оқытушы-2023» облыстық байқауы өтті. Аталмыш байқауда Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Г.Е.Мендекинова құттықтау сөз сөйледі.
Байқауға аудандық, қалалық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушы-әдіскерлері қатысты. Байқау негізгі үш кезеңнен тұрды. Әділқазылардың шешімімен «Жаңашыл оқытушы» номинациясы бойынша Ж.Б.Нағашыбаев Б.Майлин ауданынан иеленсе, «Ізденімпаз оқытушы» номинациясына Сейсембай Шайзада Денисов ауданынан ие болды. Байқауда қатысушылар арасынан өз тәжірибелерін көрсетіп оза шыққан 3-ші орын А.В.Янчук Лисаков қаласынан, 2-ші орын С.К.Кежеғали Жангелді ауданынан, 1-ші орын А.Е.Шинтимирова Ұзынкөл ауданынан қанжығасына байлады. Қатысушылар арнайы дипломдар және алғысхаттар, ақшалай сыйлықақылармен марапатталды.