2023 жылы 12 маусымда «Қарасу ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Тілдерді оқыту сабақтарында заманауи технологияларды және тыңдау кезінде түпнұсқалық материалдарды пайдалану» тақырыбында аудандық семинар өтті. Аталған семинарда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің басшысы Т.Ә.Айтмағамбетова кіріспе сөз сөйлеп, оқытушы Б.Т.Ахметжанова «Тыңдаушылардың тілдік дағдыларын дамыту» тақырыбында сабақ көрсетіп, тәжірибе алмасты.\