Аймақтық семинар-тренинг

23 жылы 23 ақпанда Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен «Мелекеттік тілді оқыту бойынша өзара ынтымақтастық және бірлескен әдістемелік жұмыс туралы» Меморандум талаптары шеңберінде тәжірибе алмасу үшін Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы базасында «Мемлекеттік тілді оқыту: цифрлық технологиялар, тәжірибе» тақырыбында аймақтық семинар-тренинг өтті.
Аталған семинарда «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Ж.Ә. Жұмабаева В1 орта деңгейіне арналған «Ұлт ұстазы-Ахмет Байтұрсынұлы» тақырыбында шеберлік сабағын көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Семинар барысында спикерлер алғыс хатпен марапатталып, қатысушыларға сертификат табысталды.