«Оқытудың мазмұны: тілдік дағдылар және инновациялық стратегиялар» атты аймақтық семинардың екінші күні Қарағанды тілдерді оқыту орталығының директоры Игенова Алмагүл Ақмашқызы семинар қатысушыларына жасанды интеллектінің тіл үйретудегі рөлі және веб құралдар арқылы тест құрастыру жолдарын көрсетіп, іс-шара қарқынды әрі мазмұнды өтті.
Қатысушылар тілдік дағдыларды дамытудың заманауи әдістерін талқылап, инновациялық оқыту стратегияларымен танысты.
Семинардың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Ізденіске толы, шабыт сыйлаған бұл күн үшін семинар спикерлері мен қатысушыларымызға алғыс білдіреміз!
