Шағын және орта бизнес субъектілерімен мемлекеттік тіл саясаты бойынша семинар

2022 жылғы 17 қарашада шағын және орта бизнес субъектілерімен мемлекеттік тіл саясаты бойынша «Атамекен» Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы семинар ұйымдастырды.

Семинар барысында «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы»ММ тілдерді дамыту және ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы Айжан Жусанқызы Садуақасова көрнекі ақпарат саласын реттейтін заңнамадағы өзгерістер туралы, «Қазақ тілі» қоғамы Қостанай облыстық филиалының төрағасы Заңғар Санай бизнес нысандарындағы көрнекі ақпараттық заңнама талаптарына сәйкестігі жөнінде, сонымен қатар «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы» КММ басшысы Тоты Әбдібекқызы Айтмағамбетова мемлекеттік тілді үйретудің қысқа мерзімді курстарының ұйымдастырылуы жайында баяндама оқыды.