2022 жылғы 1 тамыз бен 1 қараша аралығында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында «Атамекен» Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері үшін қазақ тілін оқытудың 48-сағаттық қысқа мерзімді курс сабақтары ұйымдастырылды.
Аталған курсты «Тілдарын» орталығының оқытушысы А.Б.Нұрмағамбетова жүргізді. Курс барысында тыңдаушыларға базалық және іскери қарым-қатынас бойынша тілдік материалдар, салалық терминдер ұсынылды.
Бүгін, қысқа мерзімді курсты жақсы аяқтаған тыңдаушыларға Сертификат табысталды.