2022 жылы 20 мамыр күні орталықтың әдіскер-оқытушыларының ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «Ахмет Байтұрсынұлы және оқыту әдістемесі» атты әдістемелік отырыс өтті.
Отырыста А.Байтұрсынұлының әдістемесіне шолу жасалып, әдіскер-ұстаздың әдістемелік еңбектері мен еңбектеріндегі әдістер туралы орталық мамандары А.Нұрбекова, Ж.Жұмабаева, Б.Ахметжанова сөз сөйледі. Онлайн форматта ұйымдастырылған іс-шараға қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарынан 30 әдіскер, оқытушы қатысты.