2024 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қол басшылығына қарасты 6697 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, жаңғырту мақсатында «ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» тақырыбында іс-шара өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің белсенді мүшесі Кишкинтаева Айтжан Амангелдіқызы, Қазақстанхалқы Ассамблеясы Аналаркеңесінің үйлестірушісі Жумасултанова Жадира Умирбековна, «Аманат» партиясы әйелдер қанатының төрайымы Жаманкулова Гүлсара Мырзабекқызы сонымен қатар орталық басшысы Айтмағамбетова Тоты Әбдібекқызы қатысып, қазақ халқының салт-дәстүрлері тақырыбындағы әңгімені әріқарай өрбітті. Дастарқан басында отырған әскери қызметші әйелдерге салт-дәстүріміздегі ерекше құндылықтарын айта отырып, өзінің алған әсерімен бөлісті. Отырыс соңында қонақтарға іс – шараны ұйымдастырумен өткізуге атсалысып, үлес қосқандары үшін бөлім қолбасшылығы атынан алғыс хаттар табысталды.



