Қазтұтыну одағының Қостанай жоғары экономикалық колледжінің студенттері арасында таныстыру тренингі өтті

2017 жылдың 17 қарашасында Қазтұтынуодағының Қостанай жоғары экономикалық колледжінің студенттерімен латын графикасына негізделген қазақ тілінің жаңа алфавитін түсіндіру және жалпы ақпарат беру мақсатымен  тренинг өткізілді.

Тренингте алғашқы болып сөз сөйлеген Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ақпараттық технологияларды талдау бөлімінің басшысы К.А. Бимаганбетов студенттерді 2017 жылғы 26 қазандағы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» №569 Жарлығымен таныстырып, апостроф үлгісіндегі жасалған жаңа қазақ әліпбиі туралы айтты.

Сонымен қатар, «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы А.Б.Нұрмағамбетова студенттер арасында тренинг жүргізді.

Студенттер іс-шараға белсенді атсалысып, латын қарпіне көшу бойынша оң көзқарастарын білдірді.