«Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» атты дөңгелек үстел

2017 жылғы 8 қараша күні «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының базасында Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы мамандарының қатысуымен «Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі» атты дөңгелек үстел  өтті.

Алғашқы болып сөз сөйлеген «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының м.а. Г.Талапова дөңгелек үстел қатысушыларына орталық туралы қысқаша ақпарат берді.

Аталмыш дөңгелек үстелде Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ономастика және көрнекі ақпараттар мониторингі бөлімінің басшысы Наурызбаев Жарасқан Боқанұлы «Іс жүргізу және көрнекі ақпарат» туралы баяндама оқыды.

Сонымен қатар, орталық оқытушысы Кульбаева Мирамкүл Мұратқызы «Латын қарпіне көшу –заман талабы» екенін айта келе, өз ойымен бөлісті.

Қатысушылар іс-шараға белсенді атсалысып, латын қарпіне көшу бойынша оң көзқарасын білдірді. Кездесудің соңында өзара пікір алмасып, ойларын айтты.