2018 жылғы 22 қаңтарда Н.Островский атындағы кітапхананың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына арналған, «Тіл реформасы іс-қимылда» атты ашық микрофон түрінде іс-шара өтті.
Бұл шараға «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері А. Доспанова «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» тақырыбындағы баяндамасымен қатысты.
Өзінің баяндамасында латын әліпбиінің тарихына шолу жасап, қазіргі жаңа әліпбидің үлгісімен таныстырды. Баяндаманың соңында практикалық кезеңге тоқталып өтті. Бұл кездерде тыңдаушылар өздері латын әріптерімен жазылған сөздерді оқып, өздері жазып та көрді.
Іс-шараға Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің студенттері және кітапхананың тұрақты оқырмандары белсене қатысып, өздерінің ой-пікірлерін ортаға салып, латын әліпбиіне қатысты сұрақтарын қойды.