«Тілдерді оқытуда жаңа технологияларды тиімді қолданудың маңызы» атты облыстық онлайн-семинар

2018 жылғы 21 қыркүйекте «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы «Тілдерді оқытуда жаңа технологияларды тиімді қолданудың маңызы» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өткізді.

Онлайн семинарға облыстағы 20 тілдерді оқыту орталығының мамандары барлығы 80 адам онлайн режимде қатысты.

Семинардың модераторы «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Ербатырова онлайн семинардың мақсаты, өткізу барысы жөнінде баяндады. Кіріспе сөз Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қ.Ахметовке берілді. Онлайн семинар барысында 1 баяндама, 3 ашық сабақ көрсетілді.

«Мемлекеттік тілдерді оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Г.Талапова баяндама жасады. Қостанай ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының директоры Т.Айтмағамбетова «Мамандықтың бәрі жақсы» В1 орта деңгей бойынша ашық сабағын көрсетті.

Меңдіқара ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілінің оқытушысы Т.Бекишев «Holidays» І деңгей бойынша ашық сабақ үлгісін көрсетті. «Ұлттар достығы – мәңгілік ел тірегі» тақырыбындағы В1 орта деңгей бойынша саяхат сабағын Рудный қаласы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығының оқытушысы Н.Мунбаева ұсынды.

Онлайн семинарды қашықтықтан көріп отырған оқытушы-әдіскерлер онлайн-чат арқылы сауалдарын жолдап, пікір алмасты.