2019 жылдың 27-31 мамыр аралығында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының тыңдаушылары мемлекеттік тіл, ағылшын тілі және ана тілдерінен аралық емтихан тапсырды.
Емтихан билеті үш сұрақтан тұрды: тыңдалым, лексика-грамматикалық тапсырма және оқылым. Сондай-ақ мемлекеттік тіл курсына қатысып жүрген тыңдаушылардың жаңа әліпбиді меңгеру деңгейі анықталды.
Емтихан тапсырған облыстық прокуратура, ҰҚК, Полиция департаменті, ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Әділет департаменті, «Солтүстік» өңірлік шекара қызметі, Мемлекеттік кірістер департменті және т.б мекемелер, сынақтан сүрінбей өтті.
Аралық емтиханнан кейін біздің тыңдаушыларымыз 2019 жылдың қыркүйек айнан бастап тілдерді меңгеруді жалғастырады.