Бүгін Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында “СөйлеTime” клубы қатысушыларының кезекті кездесуі өтті. Кездесу “Сенің есімің” жаттығуымен басталды. Экскурсиялық және мәдени білім беру бөлімінің меңгерушісі А.Т.Қазыбаева экспонаттармен таныстырды. Қатысушылар алған мәліметтерін пазл әдісі арқылы суреттер құрастырып, суреттерде көрсетілген сұрақтарға жауап берді. Қорытындылай келе, қатысушылар Smart сағат арқылы өз әсерлерін бағалады.