“СөйлеTime” клубы ашылды

2021 жылы 13 тамызда  Жітіқара ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық тілдерді оқыту орталығының базасында “СөйлеTime” клубы салтанатты түрде ашылды.

Аталған іс-шараға аудан әкімі Өтегенов Нұржан Қайыржанұлы, Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының өкілдері, Жітіқара ауданының зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік тілді үйренуге тілек білдірген аудан тұрғындары қатысты.

“Тілдарын” облыстық тілдерді оқыту орталығының басшысы Ж.Қ.Ербатырова аталған іс-шара барысында еркін форматта тілді үйрететін облыстық “СөйлеTime” клубының іс-тәжірибесімен бөлісті.