Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылғы 20 қазанында Өскемен қаласында “Мемлекеттік тілді үйрету: әдіс, тәжірибе, инновация” республикалық семинары өтті республикалық семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты: мемлекеттік тілді тұрғындарға үйрететін оқытушылардың кәсіби біліктілігін жетілдіру, озық тәжірибелерді алмасу және мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының оқытушыларын ынталандыру болып табылады.
Семинарға барлық өңірден әдіскер-ғалымдар, тіл мамандары, тіл үйренушілер қатысты.
Семинар барысында әдіскер-ғалымдар мемлекеттік тілді оқытудың тиімді технологиялары және әдіс-тәсілдерімен бөлісті, сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысы Тілдер жөніндегі басқармасы Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушылары мен әдіскерлері шеберлік сабақтарын көрсетті.
Қостанай облысынан «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының әдіскері Жарасбаева Жанна қатысты.